Әлем жаңалықтары
Енді 15 жасқа толмаған жасөспірімдер әлеуметтік желіні қолдана алмайды
Норвегияда 15 жасқа толмаған жасөспірімдер әлеуметтік желіні қолдана алмауы мүмкін, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Билікте отырғандар әлеуметтік желі жастардың «миына қарсы» құрылғандығын айтып жатыр. Норвегия заңы бұған дейін 13 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік желіні қолдануға шектеу қойған. Елде 10 жастағы балалардың 58%-ы, 11 жастағы балалардың 72% әлеуметтік желіні пайдаланады. Заңның іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін билік жергілікті жеке деректер туралы заңдарды өзгертуді және адам жасын ресми түрде тексеру механизмін енгізуді жоспарлап отыр.