Жаңалықтар

Қазақстанда енді табысы аз және мұқтаж азаматтар тұрғын үй сертификатын онлайн ала алады

Фото: pixabay.com

Елімізде енді табысы аз әрі баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған тұрғын үй сертификаттарын онлайн Egov.kz сайты арқылы ала алады. Бұл туралы qandastar.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сертификат әлеуметтік осал топтағы, мүгедек балаларды асыраушы не толық емес отбасыларға жеңілдік ретінде қарастырылған. Бұл азаматтарға тұрғын үй бағдарламасымен баспана алуға арналған жарнаның бір бөлігі мемлекет тарапынан төленеді.

Ал сертификатты онлайн алу үшін өтініш берушілер Egov.kz сайтындағы “Жылжымайтын мүлік” және “тұрғын үй қатынастары” бөліміне өтуі керек.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close