Жаңалықтар
Маңғыстауда тағы итбалық қырылып жатыр
Фото: instagram / azamat_sarsenbayev
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы Баутино елді мекенінде жағаға жүздеген итбалықтың өлекселері шығып қалған. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Qandastar.kz.
Қызыл кітапқа енген өлекселер теңіздегі қатты дауылдан жағаға шығарылған. Қазіргі уақытта ғалымдар тек 151 итбалықтың қаңқасын анықтады.
«Ғалымдардың айтуынша, қазір осы аймақтағы итбалықтарды зерттеумен айналысатындар (олар жануарлардың өлекселерін тапты) өлген итбалықтың көпшілігінің денелерінде механикалық зақым бар екенін анықтаған», – деді блогер.
Жануарлардың жаппай қырылуына не себеп болғаны әлі белгісіз. Ғалымдар тіршілік иелерінің нақты неден өлгенін зерттеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қазанда Форт-Шевченко қалалық жағажайында жергілікті тұрғындар үш ересек итбалықтың өлексесін тапқан болатын. Сәрсенбаев бұл жағдай жылда күзде қайталанатынын атап өтті.