Жаңалықтар
Сиви Махмуди күйеуіне қатысты шындықты айтты
Фото: ашық дереккөз
Әнші Сиви Махмуди журналист Анна Данченкомен сұхбат барысында күйеуіне қатысты барлық шындықты айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Әнші ажырасып кеткеніне 4 жыл болса да, қазір мүлдем араласпайтын экс-күйеуінің жанында өзінің есімі аталатынына ренжитінін жеткізді.
– Мен қазір ол кісімен мүлдем араласпаймыз. Балалармен де хабарласпайды. Енді кеп «Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды» деген ақпарат шығып, мені қойшы балаларымның психологиясына зиян келіп жатқанына налимын. Менімен ажырасқаннан кейін де ол екі баласы бар әйелге үйленгенінен де хабардармын. Қазір кейбір адамдардың қатыгез болып кеткені соншалық, сауда орталығында демалып жүрген балаларыма бір кісілер жақындап келіп, сенің әкең емес пе деп көрсеткен. Сол кезде балаларым өзінің туған әкесі «өгей» балаларына балмұздақ әпергенін көрген, – деді әнші.
Сиви Махмуди қазір Алматы қаласынан гөрі Шымкентте көбірек жүретінін айтты. Тіпті Шым қалаға бауыр басып кеткенін де жасырмады.