Жаңалықтар

4 жасар Жаннұрдың қолын жұлып әкеткен: Кінәлі жүргізуші әлі қамалмаған

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Алғабас ауылының тұрғыны Жанар Алхарқызы жүйткіген көлік төрт жасар қыздың қолын жұлып әкеткенін айтты. Ең сорақысы, мас күйінде көлікті тізгіндеген ер адам әлі күнге дейін қамалмаған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

«Көреміз» бағдарламасынан көмек сұрай келген ананың айтуынша, сенбі күні балабақшаға бармаған қызы сол күні ата-анасымен бірге қарбыз сатуға шыққан. Телефон қарап отырған бүлдіршінді және атасы, әкесі отырған тұсқа қарай қатты жылдамдықпен келген көлік бірнеше адамды жарақаттаған. Осының салдарынан 4 жасар бүлдіршін екі қолынан жарымжан болып қалған.

Осыдан 4 жыл бұрын дәл осы жол ұлының өмірін қиғанда кешірім берген ана бірнеше жыл өткен соң дәл осы жол қызының екі қолынан айырып отыр.

Одан бөлек, 4 жасар Жаннұрдың еміне деп қаржы жинаған блогер отбасына халықтан түскен қаржыны толығымен бермеген көрінеді.

 

 

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close