Жаңалықтар
Тасқыннан кейін Ұлытаудағы шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: inkaraganda.kz
Облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы орындалмаған жұмыстардың аяқталғаны туралы актілерге қол қойды деген күдікке ілінді, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Әңгіме «Жезді өзенін қалпына келтіру» жобасы туралы болып отыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
“Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталды. Бұл өзендегі судың өткізу мүмкіндігін азайтты”, – делінген агенттік хабарламасында.
Соның салдарынан көктемгі су тасқыны кезінде Жезді ауылындағы 10 үйді су басқан. 100-ден астам адам эвакуацияланды, оның жартысы балалар.
Облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы орындалмаған жұмыстардың аяқталғаны туралы актілерге қол қойды деген күдікке ілінді.