Жаңалықтар

Жасанды интеллект әскердегі әлімжеттіктен қалай құтқарады?

Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиев әскери қызметшілер бейнебақылау мен жасанды интеллект арқылы қалай бақыланатыны туралы айтты, деп хабарлайды qandastar.kz  Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Дархан Ахмедиев журналистердің әскердегі әлімжеттік пен зорлық-зомбылық мәселесін қалай шешетіні туралы сұрағына жауап бере отырып, әскери бөлімдерде бейнебақылау жүйесін жетілдіріп жатқандығын айтты.

«Қазір камераларға түспейтін жерлерді зерттеп жатырмыз. Біз әскери полиция басқармасымен бірлесіп жұмыс істеп, қандай аймақтар камералармен қамтылуы керектігін анықтаймыз. Бұйрыққа өзгерістер енгіземіз, содан кейін ол әскерге жіберіледі, олар өз ғимараттарын жаңа нормаларға сәйкестендіреді», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, Ахмедиевтің айтуынша, «әлімжеттік аймағы» саналатын жуынатын бөлме мен  дәретхана сияқты орындарға ерекше назар аударылады. Мұндай жерлерде сарбаздарды жасанды интеллект бақылайды.

Сондай-ақ, дәретханаларға камера орнатылмайды. Бірақ өту жолында камералар орнату қарастырылады. Қазір бейне ағындарын талдау үшін жасанды интеллект енгізілуде. Әскери қызметшілердің бір жерде ұзақ уақыт тұруы немесе адамдардың жиналуы, 2-3 немесе одан да көп адамның осы орындарға бір уақытта кіруі, кірген жерлерінен ұзақ уақыт шықпай қалғанда жүйе бөлім кезекшісіне белгі береді екен. Ал дабыл түскен жағдайда бейне жазба автоматты түрде әскери полиция органдарына жіберіледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close