Қаржы және төлемдер

Антикор саңыраулар қоғамының басшысын ұстады

Фото: ашық дереккөз

Антикор қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын ұстады, деп жазады qandastar.kz 

Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы алаяқтық жасады деп ұсталды.

Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп бюджеттен өзінің карта шотына 115 млн теңге көлемінде ақша аударды деген күдікке ілінді.

“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында «Шаңырақ» бірлестігінің жетекшісі Алмасбек Садырбай 1,2 миллиард теңге ұрлады деген күдікпен ұсталған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close