Жаңалықтар
Президенттің Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының мүшелері лауазымынан босатылды
Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі лауазымынан босатылып, олардың орнына жаңа екі адам тағайындалды, деп жазады qandastar.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;
Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.