Жаңалықтар
«Тергеуге әсер еткен жоқпын»: Сенат депутаты атышулы Хасанның ағасы болып шықты
Фото: Massaget.kz
Алматы облысынан сайланған сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевпен туыс екенін растады, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұған дейін БАҚ беттерінде депутат Қасымбаевтың туысы деген ақпарат тараған болатын.
«Иә, мен әлеуметтік желідегі жазбаларды көрдім. Ол ақпаратқа сенсек мен Қасымбаевтарға қатысты Талғарда болған жағдайға әсер етіппін.
Аслан Қасымбаевтың қызметіне қатысты ешкімге ешқандай өтініш айтпағанымды ресми түрде мәлімдеймін. Оның үстіне Хасан Қасымбаевқа қатысты жүріп жатқан тергеуге де ешқандай әсер еткен жоқпын», – дейді Жөргенбаев.
Skifnews.kz ақпарат агенттігінде жазылғандай, депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты.
«Туыс екенімізге қатысты: иә, ол менің алыс туысым екенін растаймын. Қазақта туыс көп қой. Бірақ үнемі байланыста жүрдік деп айта алмаймын. Ары кетсе тойларда немесе туыстар жиналып қалатын жерлеу сияқты рәсімдерде кездесіп қалатынбыз», дейді депутат.