Жаңалықтар

Алматыда 4 адам ломбард қызметкерін азаптап өлтірген

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында ломбард қызметкерін азаптап өлтірді деген төрт күдікті ұсталды,  – деп хабарлайды qandastar.kz

Полиция күдіктілер марқұмды алдымен буындырып, кейін қылмыстарын жасыру үшін мәйітті көміп тастағанын алға тартты.

Оқиға  Көлащы ауылында болған. 51 жастағы азаматқа жақындары бір апта бойы іздеу салған. Үйінен кешкі уақытта шығып, содан ұшты-күйлі жоғалған ер адам қаладағы ломбардтардың бірінде бағалаушы қызметін атқарған. Жақындарының айтуынша, жолда оған бірнеше апта бұрын құнды затын өткізген азамат кездесіп, жеткізіп тастауды ұсынған. Марқұм көлікке отырмай жатып әлдекімдер оны соққыға жығып, күштеп алып кеткен көрінеді. Оның денесі ауыл шетіндегі егістік алқабынан табылған.

“Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деді Алматы облысы ПД КПБ бастығы міндетін атқарушы Нұржан Кеңесханұлы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close