Қаржы және төлемдер

«4 млрд теңге»: 264 кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей жүр

Қазақстандағы 264 кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей келеді, деп хабарлайды    qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

264 кәсіпорын еңбек ақысын алмағандарға 4 млрд теңге шамасында қарыз болған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жалақысын ала алмай жүрген 18 мыңға жуық адам шағымданған. Жұмысшыларын жалақыдан айырған жұмыс берушілерге мемлекеттік инспекторлар 46,5 млн теңге айыппұл салды. Нәтижесінде 16 мың адамға 3,1 млрд теңге төленді.

Бұдан бөлек, 7 мыңнан аса жұмысшының еңбек қауіпсіздігі мен жұмыспен қамту бойынша құқығы бұзылғаны анықталды. Қызметкерлер алдындағы міндеттемесін орындамағаны үшін жұмыс берушілерге 339 млн теңге айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда кәсіпорын қызметкерлері жыл басынан бері жалақы алмағанын хабарлаған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close