Мәдениет

Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуімен қалай ажырасқанын айтты

Фото: ашық дереккөз

Танымал отандық әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуімен сөзге келіп қалып, үйіне кетіп қалғанда әкесі кіргізбей қойғанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz  Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі Дина Төлепбергенге берген сұхбатында басынан өткерген қиындықтары туралы сөз қозғады.

Бірінші некемде түсініспеушіліктер болды. Бірде Алматыға жұмыс сапармен келдім. Ата-анам Алматыда, біз Астанада тұратын кез. Сол аралықта баламның әкесімен арадағы жанжал үдеп кетті. Үйдегілерге «Мен күйеуімнен кетемін, осы жерде қаламын» дедім. Әкем рұқсат бермеді. «Бұл жерде қала алмайсың» деп үйге кіргізбей қойды. Алайда отбасыма қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті, – деді әнші.

Ал күйеуінің үйіне барғанда, туыстары жылы қабылдаудың орнына Мөлдірдің өзін сынаған.

Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінбеді. «Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман» деп мені кінәлады. Соңында бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң, әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады, – деді Мөлдір Әуелбекова.

Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close