Жаңалықтар

Бюджеттің қаржысы еліміз үшін басымдығы жоқ спорт түрлеріне жұмсалған

Фото: ашық дереккөз

Спорт және туризм министрлігінің хабарлауынша жыл сайын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен мектеп-интернаттардың шығындары өсіп келеді. 2018-2020 жылдары спорттың барлық түрлерін дамытуға 646 миллиард теңге бөлінген, бірақ оның 72 пайызы еліміз үшін басымдығы жоқ спорт түрлеріне жұмсалған, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_sport-қа сілтеме жасап.

Жағдайды жақсарту үшін Туризм және спорт министрлігі халықаралық тәжірибені зерттеді. Өзбекстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия және Норвегия елдерінің тәжірибесі заң жобасының негізіне алынды. Жаңа жүйе бойынша, тек Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпия, Азия және Пара Азия ойындары бағдарламасына кіретін спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорт түрлері ретінде қабылданады.

Олардың ішінде медаль алған спорт түрлері басым спорт түрлеріне қосылып, республикалық және жергілікті деңгейде бірінші кезекте қаржыландырылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close