Жаңалықтар
Авторлық қоғамдар Шәмші әндері үшін айына 6 мың теңге ғана төлейді
Фото: ашық дереккөз
Композитордың әндерін осылайша арзан бағалап отырған авторлық қоғамдардың жұмысы туралы мәжіліс жанындағы комитет отырысында депутат Нартай Аралбайұлы айтты, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
«Шәмші Қалдаяқовтай ұлы тұлғамыздың шығармаларын тұтынғаны үшін ұрпағына авторлық қоғам бір маусымда, яғни 3 айда бір рет 18 мың теңге ғана төлеген. Шәмшінің әні орындалмайтын кеш бар ма, қазақта?! Біздің авторлардың құқы қорғалмайтынын осыдан-ақ көре берсеңіздер болады»,- деді ол.
Депутаттың сөзінше, елде 15-16 авторлық қоғам бар. Олар авторлардың шығармашылығын тұтынғаны үшін түсетін ақшаның 70%-ын өздері ұстап қалып, тек 30%-ын авторға немесе оның ұрпағына төлейді екен.