Мәдениет
Айсәуле Бақытбек: Анам «Қазақ аруынан» пайда көздемейді
Фото: ашық дереккөз
Продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек «Қазақ аруы» байқауын әділетсіз өтті дегендерге үн қатты, деп жазады qandastar.kz
«100 мың адам дауыс берді. Менің ойымша, таза жеңіс. Жеңімпазды әділетсіз таңдаудың маңызы жоқ. Байқауды жеке басының қамын ойлауы мүмкін дейтін «ағашка» емес, менің анам ұйымдастырды. Жеңімпаз қыздың біздің отбасыға ешқандай туыстық қатысы жоқ. Өзім кеше оны басқа қатысушы қыздармен бірге бірінші рет көрдім. Анама байқаудағы жеңіс үшін ұсынатын ақшаның қажеті де жоқ. Осыдан өздеріңіз қорытынды шығарсаңыздар болады», – деді Айсәуле Бақытбек.