Білім

Ауысқан уақыттың адамға әсерін зерттеу үшін бюджеттен қаржы бөлінеді

Фото: ашық дереккөз

Ауысқан уақыттың адамға әсерін зерттеу үшін бюджеттен қаржы бөлінеді, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты. Сөзінше, зерттеу жүргізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым министрлігіне өтініш берген.

«Бізде осы мәселелермен айналысатын өте жақсы институттар бар. География институты, Денсаулық сақтау министрлігінің Физиология және Медицина институттары бар. Жоғары ғылыми техникалық комиссия өз отырысын өткізіп, осы тақырыпты талқылауға шығарамыз. Мақұлдаудан кейін конкурс жариялап, зерттеуді бастаймыз», – деді министр.

Ведомство басшысы зерттеуге қанша қаржы бөлінетінін нақты айтпады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close