Қаржы және төлемдер

Шаруаларға енді субсидия берілмейді

Фото: ашық дереккөз

Келесі жылдан бастап субсидияның орнына шаруаларға 5% несие беріле бастайды, деп жазады qandastar.kz

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай,  Президент тапсырмасынан соң, Үкімет те ширақ қимылдап, субсидиядан арылудың алғашқы қадамдарын жасауға кірісті. Вице-премьер Серік Жұманғариннің сөзінше, келесі жылы банктер шаруаларға 5 пайызбен жеңілдетілген несие бере бастайды. Шенеунік ауыл шаруашылығы саласында субсидия мәселесі жылда туындайтынын мойындап отыр. Есебіне сенсек, 10 жыл бұрын 100 млрд теңге бағытталса, биыл 453 млрд теңге бөлінді. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық сомма. «Сонда да проблема бітер емес»,- деді вице-премьер.

«Келесі жылдан бастап, қаржылық субсидия бермейміз. Кеше президент тапсырма берді. Фермерлерге берілетін несие 5 пайыздан астам болмасын деп. Енді оны алдын ала айтып не істейін. Ертең үкіметтің отырысы болады. Бүкіл шаралар қабылданады. Бізде қазір шешімдер бар», – деді Жұманғарин.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close