ҚР азаматтығын алу

Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар атынан өтінішхат беру

18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты азаматтыққа қабылдау туралы нотариалдық куәландырылған өтінішхат олардың заңды өкілдерімен  беріледі. Өтінішке баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, әрекетке қабілетсіздігін растайтын құжат және әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат қоса тіркеледі.  14 пен 18 жас аралығындағы бала үшін оның өзінің қолы қойылған және нотариалды куәландырылған жеке келісім талап етіледі. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 2 тараудың 11 тармағына сәйкес, жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы ІІМ-де және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының өтінішхатты (өтінішті) қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, ал жалпы алғанда – алты айдан аспауы тиіс.
ІІД Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын алғаннан кейін қалалық, аудандық ішкі істер органдары арқылы өтініш иелерінің тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік бес күн мерзімінде оларға қаралған өтінішхаттардың (өтініштердің) нәтижелері туралы хабардар етеді.
Шетелдіктерге және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған азаматтығы жоқ адамдарға  анықтама беріледі, ол оларға белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын беру үшін негізі болып табылады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close