ҚР азаматтығын алу
ҚР азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі
Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жеңілдетілген тәртіп мынадай адамдарға қатысты әрекет етеді:
- Ресей Федерацисының азаматтары;
- Беларусь Республикасының азаматтары;
- Қырғызстан Республикасының азаматтары;
- Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған шетелдіктер.
Жеңілдетілген тәртіп 1999 ж. 26 ақпандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы «Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы» келісімге, 1957 жылғы 29 қаңтардағы Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға сәйкес әрекет етеді.
Жоғарыда аталған елдердің әрқайсысы басқа елдің аумағына тұрақты тұруға келетін өз азаматтарына мынадай шарттардың бiрi болған жағдайда азаматтықты алудың жеңілдетілген (тіркеу тәртібін) тәртібін ұсынуға міндеттенеді:
- егер өтініш беруші Белорус СОР, Қазақ СОР, Қырғыз СОР немесе РСФОР азаматы болып, бір уақытта бұрынғы КСРО азаматтығында болса, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін азаматтық алатын екiншi Тараптың аумағында туса немесе заңды негiзде тұрақты тұрып жатса;
- егер өтiнiш берушi немесе оның ата-анасының (асырап алушыларының) бiрi, атасы немесе әжесi азаматтық алатын Тараптың аумағында туса немесе заңды негiзде тұрақты тұрған болса немесе өтiнiш берушiнiң азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бiр жақын туысқаны: ерi (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бiрi, баласы (оның iшiнде асырап алғаны), апасы-қарындасы, ағасы-iнiсi, атасы немесе әжесi, немересi (немере қызы) болған жағдайда
- Қазақстан Республикасы аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан Республикасы азаматымен некеде тұрған шетел азаматшысы
Жеңілдетілген тәртіп азаматтық алатын мемлекет аумағында тұру мерзiмiне қарамастан басқа мемлекет аумағында тұрақты тұратын аталған мемлекеттердің азаматтарына қолданылады.
Ол үшін аталған мемлекеттердің азаматтары облыстардың ІІД бастығы атына және бір уақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғасына нотариалды куәландырылған шетел азаматтығынан жазбаша бас тартқаны туралы өтініш береді және оларды тұрғылықты жері бойынша қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімдерінің көші-қон полициясы бөлімшелеріне ұсынады.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса тіркеу қажет:
- бекітілген нысандғы сауалнама-өтініш;
- бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырылған өтініш;
- өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
- өмірбаян;
- шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
- жеке басын куәландыратын және адамның Келісімге қатысушы-елдердің бiрiнiң азаматтығына жататындығын растайтын құжаттың көшрмесі;
- тууы туралы және неке туралы куәлiктерiнiң нотариат растаған көшiрмелерi;
- мемлекеттік баж төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) жатады.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін облыстардың ІІД бастықтарының атына өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:
- Бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш.
- Сауалнама-өтініш.
- Өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет.
- Шарттарды сақтау туралы міндеттемесі.
- Жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар – оралманның куәлігі.
- Жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар – осы оқу орында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама.
- Ұлтын растайтын анықтама.
- Мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
- Саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып табылатын адамдар – ақталғаны туралы соттың шешімі немесе саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы болып табылатынын растайтын құжаттар.
Салық кодексінің 617-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеуден оралмандар – Қазақстан Республикасының азаматтығын алумен байланысты барлық нотариалды әрекеттерден босатылады.
Көрсетілген мемлекеттік баж салығын төлеуден босату бір рет ұсынылады.
Қазақстандықпен некеде тұрған шетелдік азаматшасы үшін құжаттар тізбесі
Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 5-23 тармағына және Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан азаматымен тұрмыста тұрған шетелдік әйел облыстардың ІІД бастығының атына жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау туралы және біруақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан жазбаша бас тартудың нотариалды куәландырылған өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді оларды тұрғылықты жері бойынша қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімдерінің көші-қон полициясы бөлімшелеріне ұсынады.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беру қажет:
- бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- бекітілген нысандғы сауалнама-өтініш;
- өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
- шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
- шетелдік мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын паспорттың көшірмесі;
- неке туралы куәлігінің көшірмесі;
- жұбайы – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
- 1 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
1 пікір