Жаңалықтар
Қайрат Нұртас пен Аргоняға есірткі алуға көмек берген қыз сотталып, әншілер бостандықта жүр – ЗАҢГЕР
Фото: ашық дереккөз
Заңгер Айман Омарова өзінің желідегі парақшасында есірткі сатумен айналысқан әйелге шығарылған сот үкіміне қатысты жазды, деп хабарлайды qandastar.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жазуынша, 2020 жылы Гауһар Мұсаға аса ірі көлемде есірткі сатты деген айып тағылған. Сотта бойжеткен есірткі сатумен айналыспағанын, бірақ әнші Қайрат Нұртас пен Арғын Аусаровқа есірткі сатып алуға көмектескенін мәлімдеген.
Заңгер бұл мәлімдемеден кейін сот тез арада «сату» деген бапты «сақтау» деп өзгертіп, қызды небәрі үш жылға бас бостандығынан айырды деп отыр.
Ол әншілерді түрмеден құтқару үшін осындай шешім қабылданды деуге толық негіз бар екенін жазады. Сондықтан сотталушыға аз жаза берілген.
«Тергеу барысында қыздың уәждері ашық ескерілмеді. ҚР-ның Бас прокуратурасы бұл істі қайта қарап, соңына дейін жеткізуге тиіс. Заң алдында барлығы тең. Түсініктемелерде үкім мен жеке сот шешімі қоса берілген»,-деп жазады Айман Омарова.