Тіркеуге тұру

Тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу (уақытша тіркелу)

Қазақстан Республикасының әр азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болуы тиіс. Қазақстанда тұрақты және уақытша тұру орны бойынша халықты есепке алу заңнамада үнемі көзделген.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелудің 2 түрі бар  — тұрақты және уақытша.

  • Тұрақты тіркеу – бұл тұрғылықты жері бойынша тіркеу.
  • Уақытша  тіркеу – бұл азаматтың 1 айдан артық уақытша келу (тұру) орны бойынша тіркеу.

Аталмыш мақалада біз «Уақытша тіркеу» түсінігіне, ол қалай және қандай жағдайларда ресімделетініне толық тоқталамыз.

2017 жылғы 7 қаңтарда «Халықтың көші-қоны туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгертулер күшіне енді, ол заңдарда азаматтың уақытша келу орны бойынша тіркелу міндеті, сондай-ақ меншік иелері немесе тұрғын үйді жалға беруге уәкілетті адамдардың онда тұратын адамдарды тіркеу міндеті көзделеді.

Тіркеу бойынша жаңа ережелер тұрғылықты жерін уақытша өзгерткен адамдарға қатысты. Қонаққа, сондай-ақ басқа да жұмыстар бойынша бір айға дейінгі мерзімге келген адамдар тіркелмеуіне болады.

«Уақытша тұрғындар» түсінігі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабында анықталған (уақытша тұрғындар – жалдаушы (меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем алусыз тұрғын үйге уақытша тұру құқығы ұсынылаған  азаматтар).

Уақытша тұру орны бойынша 1 айдан артық мерзімге тұруға келген азамат 1 айдан артық мерзімге келсе, 10 күн ішінде тіркелуге міндетті.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close