Тіркеуге тұру

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

 

Мемлекеттік орган   

                   

ҚР Ішкі істер министрлігі
Қызметті алушылар жеке тұлғалар
 

Қызмет көрсету орны

 

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ тұрақты немесе уақытша келген орны бойынша;

2) ІІМ аумақтық бөлімшелері;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы

 

Қызметті көрсету мерзiмдерi

 

30 (отыз) минут ішінде құжаттарды тапсырған сәттен бастап

 

Қызмет  құны

 

Мемлекеттік баж төлеуден босату

 

 

тегін

 

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) ҚР  540-бабына 1)-тармақ  — http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K080000099

 

Құжаттар тізбесі

 

1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және тұрақты не уақытша тiркеуге оның келiсiмi;

тіркеу туралы ұйымның (мекеменің) әкімшілігі ұсынған өтінішхат (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде);

2) жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар – туу туралы куәлiк және Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (болған кезде);

республикадан тыс жерлерден ҚР тұрақты тұруға келген ҚР азаматтары – бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда:

— азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, ҚР шетелдегі мекемесі (немесе ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама;

— шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат;

— бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама.

Өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынылады.

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

 

көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізуі, электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011174#z14

 

 

 

 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close