Тіркеуге тұру

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару

Қазақстан Республикасы азаматтарын жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде,  бұрын  тіркелген  бойынша тіркеуден шығару ақпараттық жүйеде бір уақытта жүзеге асырылады (автоматты түрде).

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару: республика шегінен тыс тұрақты тұруға кеткендер, сотпен тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған  деп танылған азаматтар үшін, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуден шығару үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
  2. Тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректерін көрсете отырып, еркін нысанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы өтініші.
  3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (меншік құқығын растау үшін).
  4. Паспорт, туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі балаларға) – жеке басты сәйкестендіру үшін; жеке куәлік (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін) – республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға.
  5. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсат беру туралы анықтамасы (республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға).
  6. Тұрғын үй жайды пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі (сот шешімі бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде).

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close