Қаржы және төлемдер

Қазақстан шетелдік банктен тағы қарыз алмақ

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс отырысында депутаттар «Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді» жұмысқа алды, деп жазды qandastar.kz

Депутат Татьяна Савельеваның мәлімдеуінше, Халықаралық қайта құру және даму банкінен Қазақстан Республикасына 11 жыл өтеу мерзімімен 84,9 миллиард иен көлемінде несие берілген.

«Заң жобасы Үкімет қаулысымен 2024 жылғы 18 қарашада енгізілген. Бұл келісім Астанада 2024 жылғы 11 қазанда жасалған. Халықаралық қайта құру және даму банкінен Қазақстан Республикасына өтеу мерзімі 11 жылға 84,9 миллиард иен көлемінде несие берілмек. Қарыз қаражаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін тартылады. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауларыңызды сұраймыз», – деді депутат Савельева.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close