Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғам

Мемлекеттік бақылау: Леруа Мерлен ірі құрылыс супермаркеті әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: ашық дереккөз

Қыркүйекте Алматы облысының тұрғыны өңірдің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне «Е-otinish» платформасы арқылы шағым қалдырған, деп жазды qandastar.kz

Азамат өз өтінішінде «Леруа Мерлен» құрылыс супермаркетінен сатып алмақ болған тауар баға белгісінде 1550 теңге деп көрсетілгенін жазған. Бірақ кассада бұл артикулмен тіркелген тауарды 2880 теңгеден сатқан. Осы шағымның негізінде Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті ірі құрылыс супермаркетіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жоспардан тыс тексеріс барысында сауда объектісінде 2 түрлі баға көрсетілгені анықталды. Департамент қызметкері шағымда көрсетілген орынды тексергеннен кейін супермаркет сыртына қойылған тауар брендтік құрылыс тауары екені белгілі болды, дегенмен сатушы баға белгісінде 1550 теңге деп көрсеткен.

Ішкі сауда қағидаларының 54-тармағының 2-тарауына сәйкес, кез келген ішкі сауда субъектісі тауарды сауда объектісінің ішкі немесе сыртқы сөрелеріне қандай бағамен рәсімдесе, сатып алушыға қойылған баға белгісімен сатуға міндетті. ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес тауардың құны сауда объектісінің ішкі және сыртқы сөрелерінде көрсетілген бағадан қымбат сатылатын болса әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Осыған байланысты «Леруа Мерлен» ЖШС жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Әкімшілік айыппұл суммасы 30 АЕК-ті құрайды. Супермаркет әкімшілігі айыппұлдың толық құнының 50 пайызын төлеу құқығын пайдаланды. Сондай-ақ, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес ЖШС басшылығына жергілікті департамент тарапынан баға белгісіне қатысты заңсыздықты жою туралы нұсқама енгізілді.

Осы орайда Сауда комитеті кәсіпкерлерге баға белгілерін орнатарда мұқият болуға, Сауда заңнамасында көрсетілген талаптарды мұқият орындауға, тұтынушылардың құқықтарына бей-жай қарамауға шақырады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close