Жаңалықтар

Айыппұл арқалады: “Эйр Астана” рейсті 15 сағат кешіктірген

Фото: ашық дереккөз

«Эйр Астана» тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазды qandastar.kz

Ulysmedia.kz мәліметінше, Ақтау әуежайындағы оқиғадан кейін әуе компаниясына айыппұл салынғаны хабарланды.

Рейс 15 сағатқа кешіктіріліп, осы уақыт ішінде жолаушыларға қонақүй де, тамақ пен ана мен балаға арналған бөлме де, әуежайдан қалаға дейін көлік те берілмеген.

Жолаушылар Маңғыстау облыстық көлік прокуратурасына өтініш жазған. Қадағалау органының актісі бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 846 000 теңге айыппұл салынды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close