Қаржы және төлемдер
Қазақстандықтар жылуға 700 миллион артық төлеген
Фото: ашық дереккөз
Монополистер қазақстандықтарға 768 миллион теңге көлемінде жылу үшін төленген артық ақшаны қайтарады, деп жазды qandastar.kz
Finprom.kz мәліметінше, қайтарылған сома биылғы жылыту маусымында тұтынушылардың жеке есепшоттарына аударылады.
«2023/2024 жылғы жылыту кезеңінде жылумен қамту қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілері жылу есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін 768,2 миллион теңге көлемінде қайта есептеу жүргізді», – деп жазылған хабарламада.
Аймақтар бойынша қайтарылатын сома:
- Шығыс Қазақстан облысы – 354,5 миллион теңге (ең жоғары көрсеткіш);
- Алматы – 95,4 миллион теңге;
- Маңғыстау облысы – 60,9 миллион теңге;
- Қызылорда облысы – 38,6 миллион теңге;
- Ақтөбе облысы – 37,7 миллион теңге;
- Ақмола облысы – 33,5 миллион теңге;
- Қостанай облысы – 32 миллион теңге.
Қарағанды және Ұлытау облыстарында жылу энергиясымен қамту құны нақты температураға байланысты есептелетіндіктен, тұтынушыларға басқа тәсіл қолданылатыны хабарланды.