Жаңалықтар

Президент баспана мәселесін шешетін заңға қол қойды

Фото: ашық дереккөз

Заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Бірінші блок, Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қоюды, есепке алуды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму және қолдау институтын құруды көздейді, деп жазды qandastar.kz

Отбасы банкі қордан жалға алынған үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотека беруді жалғастырады.

Отбасы банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескереді. Бұл, алдымен, кезекте ұзақ уақыт тұрған адамдарды үймен қамтуға мүмкіндік береді.

Екінші блокта үйге мұқтаж адамдар үшін қосымша кепілдіктер енгізу қарастырылған. Үшінші блок мемлекеттің қолдауымен берілген үйді иелену және пайдалану тетігін регламенттейтін ережелерді толықтырады. Төртінші блок құрылыс, азаматтардың депозиттеріне кепілдік беру саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close