Жаңалықтар

Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады?

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

LRT желісі стансаларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100% аяқталды, деп хабарлайды qandastar.kz cts.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды. Бұл үшін В45 маркалы 79 971 текше метр бетон мен 9,59 мың тонна арматура қолданылған.

– LRT желісі көпдеңгейлі залдары мен платформалары бар 18 стансадан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станса) және жер үсті (7 станса).Жер үсті стансаларының ерекшеліктері:

Сығанақ көшесінде (2 станса), Ш. Қалдаяқов көшесінде (4 станса) және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (1 станса) орналасқан стансалар жолға орталықтандырылған орналасуымен ерекшеленеді. Стансаларға қауіпсіз кіру үшін жер үстінен өтетін екі өткел қарастырылған. Барлығы – 14 өткел.

Биыл №101 стансасының (100% дайын) қасбет жұмыстары аяқталды, оған 497,51 тонна металл конструкцияларын орнату және сыртқы панельдер мен витраждарды қаптау (4 765 м²) кіреді. №109 және №112 стансаларында 1 210,22 тонна металл конструкциялары орнатылды, – делінген  City Transportation Systems  ЖСШ таратқан ақпаратта.

2025 жылы барлық стансалардың құрылысы толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде:

  • қасбеттердің монтажы,
  • жер үстінен өтетін өткелдердің құрылысы,
  • ішкі әрлеу жұмыстары,
  • жақын аумақтарды абаттандыру.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close