Ықтияр хат

Тұру ықтиярхатын рәсімдеу үшін не қажет?

Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхатты ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының сәйкес тұру ықтиярхаты 10 жыл мерзімге, шетелдіктің азаматтығы бар елдің паспортының қолданылу мерзіміне беріледі. ҚР тұру құқығының қолданылу мерзімін ұзарту немесе жаңа үлгідегі құжатты беру туралы өтінішті шетелдіктер мерзімі аяқталардан 1 ай бұрын, ал жоғалтқан жағдайда үш тәуліктен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына тапсыруы  тиіс.

Жаңа тұру ықтиярхатын рәсімдеу кезінде шетелдік Қазақстанда тұрақты тұрушы мәртебесін жоғалтпайды.

ҚР-да тұруға ықтиярхатты «тұрақты тұру» санатындағы визаның негізінде ел аумағына келген шетел азаматтары ала алады.

Үкімет қаулысына  сәйкес ҚР шетелдіктің тұру ықтиярхтаны рәсімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • мемлекеттік баж төленгені туралы  құжат;
  • өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр  бір фотосурет;
  • жарамды ұлттық паспорт.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа деректер үлттық паспорттарға сәйкес жазылады.

Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат  ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтарға он алты жастан бастап беріледі, он алты жасқа толмаған балаларға  тұруға ықтиярхат қажет емес.

Жоғарыда аталған құжаттар тапсырылған және  өтініш беруші формулярдың түбіртегін  алған сәттен бастап  тұруға ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуына дейін — 17 күнтізбелік күн;

Азаматтығы жоқ адамның куәлігін рәсімдеуде мемлекеттік баж алымының мөлшері мемлекеттік баж алымын төлеу күнінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен 400% құрайды. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатын рәсімдеуде мемлекеттік баж алымды төлеу күнінде белгіленген АЕК мөлшерінен 20 %. Мемлекеттік баж алым ҚР банк мекемелері арқылы төленеді, оларға төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беріледі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close