Жаңалықтар
Маман дабыл қақты: Ер адамдар бодимассаждан қауіпті вирус жұқтырып жатыр
Фото: ашық дереккөз
Қазіргі таңда көп еркектер жеңіл жүрісті қыздарға массаж алуға барып, әйелдеріне қауіпті вирус жұқтыратыны белгілі, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы журналист Айгерім Сейфолланың ютуб подкастында бірінші санаттағы акушер-гинеколог, президент әкімшілігінің медициналық орталығы ауруханасының консультациялық диагностикалық бөлімінің дәрігері Қалдыгүл Сейтбекова баяндады.
«Иммунитет жақсы болу үшін дәрумендерді жиі ішу керек. Вакцинациядан қашудың қажеті жоқ. Ешбір вакцинация бедеулікке әсер етпейді. Вакцинация алған соң да арқаны кеңге жаюға болмайды. Вирус иммунитеті төмен адамға тез тарап кетеді. Адам папилломасы – жыныстық жолмен берілетін аурулардың бірі. Оны тек ПТР арқылы ғана тексере аламыз. Вирус жасуша ішіне кіріп, өзіне ұқсас жасушаларды көбейтеді», – дейді ол.
Қалдыгүл Сейтбекова кейінгі кезде бодимассаж көбейгенін, көп жағдайда жігіттер солардан жұқтырып, әйелдеріне тарататынын айтты. Ал 2-3 жыл тексерілмеген жағдайда жатыр обырына душар болып жатады.