Әлеумет және қоғамЖұмыспен қамтуКөші-қон заңнамасыҚР азаматтығын алуТіркеуге тұруЫқтияр хат

Электрондық цифрлық қолтаңба туралы

Электрондық цифрлық қолтаңбаны келесі сақтау типтеріне алуға болады:

–  файлдық жүйе  – аталмыш тармақты таңдауда кілттер және тіркеу куәліктер файлдар түрінде сіздің дербес компьютеріңізде сақталатын болады;

– Kaztoken – аталмыш тасымалдағышты таңдауда кілттер және тіркеу куәліктері пин-код көмегімен қорғалған кілт ақпарат сыртқы қорғалған тасымалдағышында сақталатын болады;

– SIM-картадағы ЭЦҚ – осы тасымалдаушыны таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері телефонның sim-картасында сақталады. Тиісті sim картасын ұялы байланыс операторларының сату бөлімдерінен сатып алуға болады.

–  жеке куәлігі – жеке куәліктің чипіне ЭЦҚ жазу үшін (жеке тұлғалар үшін) жеке куәлікті көрсетіп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) жақын бөліміне бару қажет. Жеке куәлікте жазылған ЭЦҚ әрі қарай жұмыс үшін картридер алу қажет. Осы туралы толығырақ  осы парақтан біле аласыз.

ЭЦҚ шығаруға онлайн-өтінім беру рәсімі төрт қадамнан тұрады:

1-қадам – Нұсқаулықты меңгеру және БҚ орнату

2-қадам – Онлайн-өтінім беру

3-қадам – «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ онлайн-өтінімді растау

4-қадам – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін орнату.

Нұсқаулықты меңгеру және бағдарламалық қамсыздандыруды орнату

Тіркеу куәлігін алу үшін сізге бағдарламалық қамсыздандыру орнату қажет:

ЭЦҚ алуға онлайн-өтінім берер алдында пайдаланушы нұсқаулығымен танысыңыз.

Заңнама
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ Заңы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті
«Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет стандарты

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close