Әлем жаңалықтары
Қазақстан мен Ресей 19 құжатқа қол қойды.
Қазақстан мен Ресей 19 құжатқа қол қойды. Соның төртеуі шекараға қатысты, деп жазады qandastar.kz
Онда өзара ынтымақтастықтан бөлек, өткізу пунктерін ретке келтіру, жөндеу, күтіп ұстау сияқты мәселелер қаралған. Бұған қоса, денсаулық, 7-аймақтың нөмірлерін пайдалану, туризм, жоғарғы білім, дипломдарды тану туралы құжат бекіді. Келісім бойынша, Ресейдің техникалық білім беру мекемелерінің 7 филиалы ашылады. Бұдан бөлек, мұнайға қатысты келісім уақыты ұзартылды. Екі елдің Құрылыс, Әділет және Ішкі істер министрліктері арасында ынтымақтастық туралы келісім орнады.
“Келіссөздер барысында экономика мәселесіне баса мән берілді. Осы мақсатта бірқатар үкіметаралық құжат қабылданды. Олардың қатарында 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы, 2024-2026 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспары бар, – деді Президент.
atamekenbusiness_qazхабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында оң динамика сақталса, бір-екі жылда сауда-саттық 30 млрд долларға жететініне сенім білдірді.