Тіркеуге тұру

Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу

Қызметті онлайн қалай алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Тапсырыс берушінің жеке мәліметтерін, сондай-ақ шетелдіктің және азаматтығы жоқ тұлғаның, ҚР уақытша келушінің мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу

* Онлайн тіркелу пилоттық режимде шетелдікті/азаматтығы жоқ тұлғаны жеке сапармен қабылдайтын ҚР 18 жасқа толған азаматтары үшін ғана қолжетімді.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

  1. Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасы;
  3. Еркін нысандағы тiркеу туралы қолдаухат.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close