Әлем жаңалықтары

Президент: ҰҚШҰ – жай ғана әскери серіктестік емес, күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей механизм

Фото: Ақорда

Терроризм, кибершабуыл, трансұлттық қылмыс және заңсыз есірткі айналымы секілді қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Ұйым мүмкіндіктерін жетілдіруге баса мән берді.

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құрылымдардың біріне айналғанын атап өтті, деп жазады qandastar.kz

– ҰҚШҰ қазіргі сын-қатерлер жағдайында ұйымға мүше барлық елдер үшін қауіпсіздік кепілі ретінде өзінің қажет екенін көрсетіп отыр. Біздің үйлесімді әрекеттеріміз, өзара сенім мен қолдауымыз ең қиын әрі ауқымды міндеттерді шешу жолындағы ұжымдық қабілетімізді нығайтады. ҰҚШҰ – жай ғана әскери серіктестік емес, мемлекеттеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатындағы күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей механизм екенін атап өткен ләзім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның ҰҚШҰ төрағасы ретінде ұйымға мүше елдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтуға, дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету тетіктерінің тиімділігін арттыруға бар күш-жігерін жұмсағанын айтты.

Сондай-ақ терроризм, кибершабуыл, трансұлттық қылмыс және заңсыз есірткі айналымы секілді қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Ұйым мүмкіндіктерін жетілдіруге баса мән берді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close