Ықтияр хат

Қазақстан Республикасының визаларын топтастыру

Шетелдіктердің ҚР болу мақсаттарына байланысты заңнамада визалардың түрлі санаттары белгіленген. Визаны алу үшін елдің мекендеу мақсаттарына сай келетін негіздерді көрсету қажет. Шетелдіктер үшін визалардың қандай санаттары көзделген? Кімге және қандай мерзімге беріледі?

Қазақстанның визларын беру қағидаларына сәйкес визалар  мынадай түрлерге бөлінеді:

Дипломатиялық виза (А1, А2) дипломатиялық мәртебеге теңестірілген шет мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың  басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне; дипломатиялық мәртебеге теңестірілген шет мемлекеттер үкіметтерінің, парламенттерінің мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ дипломатиялық паспорттары бар – ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға; дипломатиялық паспорттары бар Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін адамдарға,   дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар, халықаралық ұйымдардың  паспорттары бар адамдарға, курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық паспорттары бар – дипломатиялық поштаны тасымадайтын курьерлерге, дипломатиялық паспорттатры бар  Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне  беріледі, шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің дипломатиялық агенттері, шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасында аккредиттелген, Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері.

Дипломатиялық визалар бір мәрте және көп мәрте келуге және шығуға беріледі. Бір мәртелік А1, А2 визасы 90 тәулік мерзіміне беріледі, бір мәртелік  А1 визасы – 1 жылға дейін, А2 санатындағы виза – 180 тәулікке дейін.

Қызметтік виза (А3, А4) ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдар мен отбасы мүшелеріне; Қазақстан Республикасында аккредиттелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне (ҚР СІМ келісім бойынша), Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін шетелдік мемлекеттердің әскери қызметшілеріне; «A2″ және»А4» санаттарындағы визаларға үміткер адамдардың қарауындағы адамдарға, дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорттары бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне; Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін қызметтік паспорттары бар адамдарға; егер дипломатиялық паспорты болмай, курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлерге; шетелдік  дипломатиялық өкілдерінің, консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапармен жіберілетін адамдарға, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ғарыш кеңістігіне ұшу үшін Қазақстан Республикасына бара жатқан және ғарыш кеңістігінен Жерге және т. б. қайтып келе жатқан ғарышкерлер мен астронавтарға.

Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі. Бір мәртелік А3, А4 визасы  90 тәулік мерзіміне беріледі, бір мәртелік А4 визасы – 1 жылға дейін, көпмәртелік А4 санатында – 1 жыл мен 3 жылға дейін (ғарышкерлер мен астронавтарға), көпмәртелік А4 санатындағы виза – 180 тәулікке дейін.

Инвесторлық виза (А5) Қазақстан Республикасының  аумағында инвесторлық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшыларына/басшыларының орынбасарларына не олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына/ басшыларының орынбасарларын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі

Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік – 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Іскерлік виза (В1, В2, В3) конференцияға, симпозиумге, форумдарға,  көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысушыларға; мәжілістердің, дөңгелек үстелдердің, көрмелердің, сарапшылар жиналысының қатысушыларына; гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге; лекциялар оқу және жоғары оқу орындарында сабақ беру мақсатымен бара жатқан адамдарға; Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда, жастар, студенттік және мектепшілік алмасу бағдарламасына қатысу мақсатымен бара жатқан адамдарға, жабдықты монтаждау және техникалық жөндеу қызметін көрсету мақсатымен келген адамдарға; келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету мақсатымен келген адамдарға; индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық шеңберінде келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасасу үшін келген тұлғаларға; құрылтайшыларға немесе директорлар кеңесіне  беріледі.

В1, В2, В3 санатындағы бір мәртелік виза  90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі, көп мәртелік  В1 және В3 визалары – 1 жылға дейінгі мерзімге, көп мәртелік  В2 визасы-  180 тәулікке дейін.

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға арналған виза (В4) автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын адамдарға беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік виза 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Әуе, теңіз, өзен кемелері экипаждарының және пойыз бригадаларына мүшелеріне арналған виза (В5) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының  (ИКАО) тиісті куәлігіне ие емес, тұрақты және чартерлік авиарейстерді орындайтын ұшақтар экипаждарының мүшелері, пойыз бригадаларының, сондай-ақ теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері  болып табылатын адамдарға беріледі.

Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік виза 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Діни шараларға қатысуға арналған виза  (В6) Қазақстан Республикасына діни бірлестіктің іс-шараларына қатысу үшін жіберілген адамдарға беріледі (миссионерлік қызметті қоспағанда). Осы виза түрі бір мәртелік келуге 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

Оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтуге арналған виза (В7) Қазақстан Республикасына оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтуге жіберілген адамдарға, оның ішінде «Астана Хаб» бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін», сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 180 тәулікке дейін беріледі.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close