Жаңалықтар
Сот үкімі: Депутаттың ұлына қатысты істе өзгеріс бар ма?
Фото: жеке қорынан
Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарады, деп жазды qandastar.kz
«Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушы мен оның адвокаттарының жеке шағымы қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық бақылауға жатпайды», – деп хабарлады судья Нұржан Қарабаев.
Судья Болат Нұрасыл пробациялық бақылау ережесін бұзды деп есептейді.