Білім
Қызылорда, Тараз және Түркістанда салынатын орыс тілді мектептерге сұраныс бар
Фото: ашық дереккөз
Қызылорда, Тараз және Түркістанда салынатын орыс тілді мектептерге сұраныс бар, деп жазады qandastar.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте осылай деп мәлімдеді. Сөзінше, үш өңірдің әрқайсысында 1200 орындығы бар мектеп салу жоспарланып отыр. Қаржыландыруды Ресей тарапы өз мойнына алған.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, оқулықтармен Қазақстан қамтамасыз етеді. Себебі оқушылар еліміздің мемлекеттік стандарты шеңберінде оқыталады.