Әлем жаңалықтары
Оңтүстік Кореяда Парламент Президенттің шешіміне қарсы шығып, әскери режимді алып тастады
Фото: Ашық дереккөз
Оңтүстік Корея президенті елде әскери режим енгізілгенін мәлімдеген еді. Бірақ Парламент Президенттің шешіміне қарсы шығып, әскери режимді алып тастады, деп жазды qandastar.kz
Оңтүстік Корея Парламенті бірауыздан дауыс беріп, Президент шығарған шешімнің күшін жойды. Оған толық құқығы бар.
Бұған дейін “Солтүстік Кореяны жақтайтын күштерді жою және еркін конституциялық тәртіпті қорғау үшін әскери жағдай жариялаймын», – деді Юн Сок Ёль.
Ел президенті бұл шешімді «адамдардың еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ анти-мемлекеттік күштердің әрекеттерінен ел тұрақтылығын сақтау үшін қабылданған шара» деп атады.
Өз сөзінде президент әскери жағдайдың азаматтарға белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін жеткізді. Ал сыртқы саясатқа еш әсері тимейтініне сенім білдірді.