Қаржы және төлемдер

Кесте бойынша БЗЖҚ-дан зейнеткерлік төлемдер

Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдерді белгіленген кесте бойынша алуға БЖЗҚ-та зейнетақы жинақтары бар адамдар құқылы:

1) 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толған, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толған, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толған, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толған, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толған әйелдердің) (Заңның 31 б. 1 т. 1) тт. және 32 б. 1 т. 2) тт. )

2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар (Заңның 31 б. 1 т. 3) тт. және 32 б. 1 т. 3) тт. )

№1042 Қағидаларының ережелеріне сәйкес Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдері 01.01.2018 ж. бастап ай сайын белгеленген кесте бойынша жүзеге асырылады.

Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Әдістемеге сәйкес есептелген жылдық зейнетақы төлемдері сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен кемінде 54 пайыз   көлемінде жүзеге асырылады   (2018 жылы бұл сома 54% * 28 284 = 15 273,36 теңгені құрайды).

Өтініш берілген күнге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді   (2018 жылы – 33 745 * 12 = 404 940 теңге).

Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.

№1042 Қағидаларының 6 тармағына сәйкес БЖЗҚ-тан ейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары біткенше төленеді

01.01.2018 ж. дейін зейнетақы төлемдеріне өз құқықтарын іске асырған адамдардың (01.01.2018 ж. дейін міндетті зейнетақы жарналары  және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеуге өтініш):

  1. бұрын белгіленген зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін  (мысалы, жыл сайын) сақтап, зейнетақы төлемдерін кесте бойынша есептеу мерзімін;
  2. зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін   (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын);
  3. зейнетақы төлемінің мөлшерін, соның ішінде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін кесте бойынша мынадай өлшемдердің ең үлкенімен  есептеу  құқығы сақталады:
  • республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерін;
  • зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген   шамасын    өзгертуге құқығы сақталатынын қосымша беліглеу қажет.

БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін жыл сайын өз бетінше № 1042 Қағида ережелерін ескере отырып, қайта есептейді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close