Қаржы және төлемдер

Міндетті және міндетті кәсіби зейнеткерлік жарналар есебінен БЖЗҚ-дан зейнеткерлік төлемдерді алу үшін құжаттар тізбесі (кесте бойынша):

Міндетті және міндетті кәсіби зейнеткерлік жарналар есебінен БЖЗҚ-дан зейнеткерлік төлемдерді алу үшін құжаттар тізбесі (кесте бойынша):

Зейнетақы  төлемдерін кесте бойынша алушы  оның БЖЗҚ-қа жүгіну әдісіне байланысты № 1042 Қағидаларына сәйкес төменде аталған құжаттар тізбесін   ұсынады:

БЖЗҚ –тан зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдар 

Құжаттарды беру әдісі

Қажетті құжаттар тізбесі 

1) 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толған, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толған, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толған, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толған, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толған әйелдердің)

 

2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар

БЖЗҚ кеңсесіне өз басы жүгінген кезде 1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру  үшін түпнұсқа;

 

2) алушының банк шоты туралы мәліметтер

Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы

 

(құжаттар сенім/білдірілген/заңды өкілі БЖЗҚ-қа өз басы жүгінген кезде қабылданады)

1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

 

2)  алушының атынан өтінішке қол қою және барлық құжаттарды беру құқығымен БЖЗҚ алушының мұдделерін білдіру үшін нотариалдық куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкілі жүгінген жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/ заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;

 

3) Сенім білдірілген/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі*;

 

4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

пошта байланысы арқылы 1) БЖЗҚ ішкі құжатында бекітілген  нысан бойынша алушының өзі   толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш   (өтініштің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтында орналастырылған), бұл ретте  зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалдық куәландырылады;

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

3) алушының банк шоты туралы мәліметтер

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  1 бабы 13 тармақшасына сәйкес шетелдік паспорт – шетелдіктің шет мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын, жеке басты куәландыратын құжатыТиісінше, егер сенім білдірілген адам шетелдік болса, БЖЗҚ шетелдік паспортын ұсыну қажет   (шетелдіктің ішкі, соның ішінде Ресей Федерациясы азаматының паспорты, қарауға жатпайды).

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close