Қаржы және төлемдер

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнеткерлік төлемдер

Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық:

  1. Заңның 31 және 32- баптарына сәйкес міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және кету дерегін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тиесілі;
  2. Заңның 33 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы .

№1042 қағидаларына, сондай-ақ БЖЗҚ Басқармасының хаттамасымен бекітілген БЖЗҚ Зейнетақы қағидаларына (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі) сәйкес, алушы зейнетақы жарналарының түріне және БЖЗҚ жүгіну тәсіліне байланысты төменде аталған құжаттар тізбесін ұсынады:

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төленуіне құқығы бар тұлғалар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

 

Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-тан ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған  зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

Алушының БЖЗҚ кеңсесіне өз басы жүгінген кезде 1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өзгесі көзделмесе, шетелдік паспортының көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

2) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы

 

(құжаттар сенім/білдірілген/заңды өкілі БЖЗҚ-қа өз басы жүгінген кезде қабылданады)

1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өзгесі көзделмесе, шетелдік паспорттың нотариалдық* куәландырылған көшірмесі;

2) сенім білдірілген/заңды өкілдің жеке басын  куәландыратын құжаттың көшірмесі** және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) алушының атынан өтінішке қол қою және барлық құжаттарды беру құқығымен БЖЗҚ алушының мұдделерін білдіру үшін нотариалдық* куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық* куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкілі жүгінген жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/ заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;

4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

пошта байланысы арқылы 1) БЖЗҚ ішкі құжатында бекітілген  нысан бойынша алушы өз бетімен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш   (өтініштің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтында орналастырылған), бұл ретте  зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалдық*  куәландырылады;

2) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өзгесі көзделмесе, шетелдік паспорттың нотариалдық* куәландырылған көшірмесі;

3)   алушының банк шоту туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-тан ерікті зейнетақы жарналары/ерікті зейнетақы жарналары есебінен    құралған  зейнетақы жинақтары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Алушының БЖЗҚ кеңсесіне өз басы жүгінген кезде 1) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

2) алушының банк шоту туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы

 

(құжаттар сенім/білдірілген/заңды өкілі БЖЗҚ-қа өз басы жүгінген кезде қабылданады)

1) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалдық* куәландырылған көшірмесі;

2) сенім білдірілген/заңды өкілдің жеке басын  куәландыратын құжаттың көшірмесі** және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) алушының атынан өтінішке қол қою және барлық құжаттарды беру құқығымен БЖЗҚ алушының мұдделерін білдіру үшін нотариалдық* куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық* куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкілі жүгінген жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/ заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;

4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

пошта байланысы арқылы 1) БЖЗҚ ішкі құжатында бекітілген  нысан бойынша алушы өз бетімен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш   (өтініштің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтында орналастырылған), бұл ретте  зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалдық*  куәландырылады;

2) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалдық* куәландырылған көшірмесі *;

3) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасында бекітілген  халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер құжаттар түпнұсқалары көшірмелерінің дұрыстығын, алушының өтінімдегі қойылған қолдарының түпнұсқалылығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жасалатын болса, оларды заңдастыру қажет.

** «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес  шетелдік төлқұжат – шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат. Соған сәйкес егер сенім білдірілген тұлға шетелдік болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік төлқұжат беруі тиіс (шетелдіктің, оның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі төлқұжаты қаралмайды)

Егер тұрғылықты мемлекетті шетелдік паспорттардың немесе өзге құжаттардың көшірмелерін нотариалдық куәландырмайтын болса, растаушы құжат ұсынылуы тиіс     (нотраиустың құжаттың көшірмесін не өзге құжатты куәландырудан бас тарту туралы қаулысы).

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен жүгінген шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, жүгінген шетелдіктің немесе немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін №1042 Қағидаларында көзделген құжаттарды БЖЗҚ қабылдаған немесе түскен күнінен бастап он жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

Жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және оның жарамдылығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, сондай-ақ жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы мәліметтердің болмауына байланысты, БЖЗҚ №1042 Қағидаларда белгіленген мерзімдерде өтінішті қабылдаудан не орындаудан бас тартады..

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close