Жаңалықтар
Ермек Сағымбаев ҰҚК 4 террористік актінің алдын алғанын айтты

Фото: Ақорда
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады. Ермек Сағымбаев жыл басынан бері қандай жұмыстар атқарылғаны туралы есеп берді, деп жазады qandastar.kz
«Ұлттық қауіпсіздік органдары 4 террористік актінің алдын алды. Лаңкестік сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық 6 азамат Сирия мен Түркиядан экстрадицияланып, олардың екеуі сотталған. Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 824 шетелдіктің елімізге кіруіне жол берілмеген. Ішкі істер министрлігімен бірге 19 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, 60 адам қамауға алынған. 1,6 трлн теңгеден астам көлемде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылды. 46 адам жемқорлық әрекет жасағаны үшін сотталды. Семлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне 552 миллионнан астам кибершабуыл және 6 мың DDoS-шабуылға тойтарыс берілді», — деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы.