Жаңалықтар

Бүгін телерадиоарналардың жұмысы тоқтайды

Қазақстанда сәрсенбі күні телерадиоарналардың жұмысы 14 сағатқа толығымен тоқтайды, деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен.
«16 қазанда сағат 3.00-17.00 аралығында спутниктік, эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желілері құрылғыларында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарда хабар тарату уақытша толығымен тоқтатылады», — делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
«Қазтелерадио» АҚ Қазақстандағы телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор болып табылады.

ҚазТАГ 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close