Қаржы және төлемдер
Маңғыстаулық кәсіпкер ӘМАТ тағамын мұнай компанияларына қымбат бағада сатқан
Фото: ашық дереккөз
Маңғыстаулық кәсіпкер ӘМАТ тағамын мұнай компанияларына қымбат бағада сатқан, деп жазды qandastar.kz
ҚР СИМ Маңғыстау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату заңнамасының сақталуын бақылау аясында бірнеше сауда кәсіпорындарының электронды шот-фактураларын талдады, соның ішінде «ProArt2017» ЖШС-нің қызметі де тексерілді.
Тексеру барысында «ProArt2017» ЖШС-ның бірнеше заң бұзғаны анықталды. 2024 жылдың 12-15 қаңтары аралығында кәсіпорын «Dina Market» ЖШС-нен 5 кг күрішті 2703,57 теңгеге сатып алып, кейін оны «Нефтегазстрой» ЖШС-не 3437,5 теңгеге сатқан. Осылайша рұқсат етілген сауда үстемесі нормасынан 27% асып кеткен.