Жаңалықтар

Бүгін бүкіләлемдік қол жуу күні

Гигиенаны сақтамау дизентерия, А типті гепатит, ротавирустық инфекцияларды жұқтыруға әкеледі.

Мәселен, қарапайым ғана қолды жумау салдарынан әлемде жыл сайын бір жарым миллионға жуық бала түрлі инфекцияларды жұқтырып көз жұмады екен. Мұндай жағаұстатарлық мәліметті Лайф ру сайты жариялады. Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес бір жыл ішінде жер шарында 1,4 млн бала диарея мен өкпенің қабынуынан қайтыс болса, ал сәбилердің шетінеуінің 15 пайызы дәл осы инфекциялардың ішке еніп кетуі кесірінен болып отыр.

«Егер қарапайым ғана жеке бас тазалығы қадиғасын ұстансақ, балалардың ерте өлімінің алдын алып, жіті респираторлық инфекциялар салдарынан болатын қайғылы жағдайды 20%, ішек ауруларынан көз жұму көрсеткішін 50% төмендетуге болар еді», – дейді ғалымдар.

Дереккөз: https://24.kz

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close