Қаржы және төлемдер

Еліміздегі байланыс операторлары 10 айда 1 трлн 100 млрд табыс тапқан

Фото: ашыұ дереккөз

Оның 52,5 пайызы интернет қызметінен түскен пайда. Операторлардың кірісі еселенгенімен тұтынушылардың арыз-шағым әлі де азаймаған, деп жазды qandastar.kz

Басты мәселе – байланыс пен интернет сапасы. Жылдар бойы жыр болған жақсы емес қызметті реттеу бойынша жұмыстар атқарылып жатқандай-ақ. Бірақ халық игілігін әлі де көре алмай келеді. Салаға жауаптылар болса «оның себебі көп, бастысы – ақша» дейді. Сол үшін де осы айда байланыс пен интертеттің құнын қымбаттатпақ болды. Тариф көтеріледі дегенді естіген қазақстандықтар әлбетте, үнсіз қалмады.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай,  Цифрлық даму министрлігі «бағаны жыл соңына дейін өсірмейміз» деген шешім қабылдады. Үш апта. Жылдың аяқталуына осынша уақыт қалғанын ескерсек, баға қай уақытқа дейін өспейді деген заңды сауал туындайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close