Жаңалықтар
Қоспаевтың қылмыстық тобы 2,2 млрд теңгенің мүлкін шетелдіктерге сатпақ болған
Фото: ашық дереккөз
ҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісін анықтады, деп жазды qandastar.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі таяуда «AV-Construction» ЖШС, «Шыны зауыты» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тергеуді аяқтаған болатын.
Сот «Nikolsky Investment» ЖШС-на тиесілі Алматы қаласындағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған. Олардың құрылтайшысы Айдос Қоспаев.
Алайда қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы шектеулер алынып тасталған. 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға сату үшін бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.
Осыған қатысы бар бұрын сотталған үш адам ұсталып, қамалды. Сондай-ақ оларға жалған құжат жасап, мүлікті иеліктен шығаруға көмектескен сыбайласы да анықталды.