Қаржы және төлемдер
Журналист Қазақстанның легионерлерді асырап отқанын айтты
Фото: ашық дереккөз
Спорт журналисі Аслан Қаженов отандық футбол саласын сынап тастады, деп хабарлайды qandastar.kz
«Отандық футбол жақын болашақта оңбайды. Жылтыр және жеңіл нәрселерге алданып жүрміз. Халықтың 55 млрд теңгесін ауаға шашып, “Челсимен” кездескенімізге мәзбіз. Одан деңгейіміз өсті ме, әлде, иммиджіміз артты ма? Лондондық клуб бізді мазақ қылып кетті ғой. Үшінші құрамымен айқын басымдықпен жеңіп тастады. Жанкүйерлері бораттың суретін жан-жаққа жариялап жатыр. Еліміздегі футбол сүйер қауымның, әсіресе, өскелең толқынның тауы шағылды. Соның өзінде “Астананы” ақтайтындар бар», – деді А.Қаженов.
Журналистің сөзінше, Қазақстан легионерлерді асырап отыр.
«Мен былай айтайын. Қазір көрші елдер 2026 жылғы әлем чемпионатында ойнауға ұмтылып жатыр. Тіпті, сол мақсатқа бір табан жақын тұр. Ұлттық құрамасы жанталасуда. Ұлттық мүддесі бәрінен биік. Ал, мыналарда не бар?! Қандай мақсат? Қандай мүдде? Қайдағы жоқ легионерлерге миллиардтарды шашып, солардың жеңілгеніне шүкір айтып отырмыз.
Бүгін жаһандық жарыста топ жарып жатқан ауыр атлетіміз, дүниежүзілік додада жеңіске жеткен балуандарымыз, Азия чемпионатынан 9 алтын, Әлем чемпионатынан 6 алтын әкелген боксшыларымыз әлгі 55 млрд теңгенің тамшысын да алмайды. Бірақ, ел үшін барын да, жанын да салады. Оның қасында мыналардікі не тыраштану? Неге осылардың еркелігін көтеріп, дегенін істеп жүрміз? Просто, бәрін сыртынан байқап, ішім ашиды. Қайран, қазақтың ақшасы… Қайран, қазақтың балалары…», – деп ашынды ол.